Президент G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

30.10.2024

Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады. Кездесуде инновациялық технология және «ақылды» инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берді. Отырыста сондай-ақ Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу