Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін бүгін елордалық 3 мың оқушы бір мезетте ойнап шықты. Бұл өнерпаздардың ең жасы 6-да. Домбыра үйірмелерінің шәкірттері мега жобаға 2 ай дайындалыпты. Оларға мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.
Шарада балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы тексерді. 3 мың оқушы ойнаған «Балбырауын» күйі Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Айта кетейік, осыған дейін Назарбаев зияткерлік мектебінің мың оқушысы бір мезетте домбырамен күй орындап, КИнЭС рекордтар кітабына енген еді.