Испанияда алапат тасқыннан 64 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда алапат тасқыннан 64 адам қаза тапты

30.10.2024

Испанияның шығысы мен оңтүстігінде толассыз жауын соңы кейінгі отыз жылдағы ең алапат тасқынға ұласты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 64 адам қаза тауып, Валенсия мен Альбасете өңірлерінде бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Олар дрондардың көмегімен іздестіріліп жатыр. Көптеген аудан су астында қалып, пойыздар тоқтап, әуе рейстері мен футбол матчтары доғарылды. 155 мыңдай үй жарықсыз отыр.

Кейбір жерлерге 8 сағатта жауын-шашынның бір жылдық мөлшері түскен. Осыған байланысты мектептер мен саябақтар уақытша жабылды. Жергілікті билік тұрғындарға мейілінше үйде отыруға кеңес беріп отыр.

Қытайдың Хайнань провинциясына «Трами» тайфуны соққы берді. Одан жауын құйып, тасқын жүрді. Қазір аймақта адамдарды қауіпсіз жерге көшіру операциялары жалғасып жатыр. Дауылға байланысты балабақшалар мен мектептер жабылды. Ауа райын бақылаушылар Хайнаньда бүгін де жаңбыр жауып, тасқын тіпті күшейетінін ескертіп отыр. Айта кетсек, Қытайдың шығыс жағалауы биыл бірнеше тайфун мен су апаттарын бастан кешірді. Ғалымдардың болжамынша, бұл оқиғаларға климаттың өзгеруі себепші.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу