Ақтөбе облысында кен орнында екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында кен орнында екі адам қаза тапты

30.10.2024

Ақтөбе облысында кен орнындағы жол апатынан екі адам қаза тапты. Оқиға Хромтау ауданындағы «Қазхром» акционерлік қоғамына тиесілі Дөң кен байыту комбинатының карьерінде болды. Жүк көлігінің қатты жылдамдықпен келіп, аударылып түскен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жүргізуші мен жолаушысы ауыр жарақаттың салдарынан сол жерде жан тапсырған. 

Ал Қарағандыдағы құрылыс алаңдарының бірінде лифт құлап, жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оқиға қаланың оңтүстік-шығыс ауданында салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешенінде болды. Полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу