Маңғыстауда қырылған итбалықтардың саны 300-ге жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қырылған итбалықтардың саны 300-ге жуықтады

31.10.2024

Маңғыстауда Каспий теңізінің Түпқараған ауданы аумағында қырылған итбалықтардың саны әлі де артуы мүмкін. Себебі, мамандар жағалауды толық тексеріп болған жоқ. Қазірдің өзінде 300-ге жуық жануардың өлексесі табылды. Итбалықтар жылда көктем мен күзде қырылуда. Әрі 300 итбалықтың бәрі балықшылардың ауына түсіп өлді деуге келмейді. Екіншіден, ауға түскен жануардың денесі ыдырап, тордың ізі қалады. Ал бұл жолы табылған өлекселер еш бұзылмаған, дейді облыстық Балық шаруашылғы қауымдастығының басшысы. Сондай-ақ ол итбалықтармен қоса құстар мен бекіре тұқымдас балықтардың да өлекселері табылғанын айтады.

Данияр Әкімжанов, облыстық Балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының басшысы:

Атап айтатын болсам, баклан құстары, шағала бар, қасқалдақ бар. Сосын гагар деген құстарды өз көзіммен көріп, анықтадым. Бұрында біздерге айтатын еді 4-стадия, 5-стадияға дейін ыдырап кеткен деп итбалықтарымыз сынама алу мүмкін емес деп. Енді осында нақты қанша тюлень жатыр. Барлық итбалықтардың өлгені 15-20 күн аралығында өлген итбалықтар жатыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу