Испанияда алапат тасқыннан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында отандастарымыз жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Иә, Испаниядағы табиғи апаттан қаза тапқандар саны бүгінде 95-ке жетті. Тағы ондаған тұрғын жоғалып кеткен. Су апаты құрбандарына байланысты ел премьер-министрі Педро Санчес алдағы үш күнді қаралы деп жариялады.
Тасқыннан Валенсия аймағы ең ең көп зардап шекті. Мұнда жолдар бұзылып, көпірлер мен ғимараттарды су шайып кеткен. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.
Метеорологтардың сөзінше, Валенсияның кейбір жерлеріне сегіз сағатта бір жылдың жауыны жауған.
Арыстан Рысбек