Бүгін таңертең Солтүстік Корея тыйым салынған құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырды. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәлімдеуінше, ракета ел астанасы Пхеньян маңынан атылған. Және де ол 86 минутта мың шақырып ұшып, Жапонияның Хоккайдо аралының батысында теңізге құлапты.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін Оңтүстік Корея мен АҚШ өкілдері дереу кездесу өткізіп, Солтүстік Кореяға қарсы қатаң шара қолдануға уағдаласқан.
Айта кетсек, мұндай ракета қажет болған жағдайда Солтүстік Америкаға дейін жете алады.
Арыстан Рысбек