Жас таланттарға барынша қолдау көрсетілмек. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет саласындағы беделді халықаралық жастар байқауларының жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлеріне Алғыс хаттар табыстады. Сурет салу, ән шырқау, кинофильм сынды бағыттарда түрлі байқауларда топ жарған жастар мен кездесті.
Министр өз кезегінде жеңімпаздарды құттықтай келе, олардың жетістікке жетуіне ата-аналары мен ұстаздарының үлесі зор екенін айрықша атап өтті. Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы деді.
Кездесу барысында қатысушылар жас дарындарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жобаларды талқылады.
Динара Жарқынбек