Албанияда өтіп жатқан әйелдер арасындаға күресте, жерлесіміз Жәмила Бақбергенова – әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол еркін күрестен өтіп жатқан сайыста 72 келіге дейінгі салмақта белдескен. Жарыс жолында молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жетті. Алайда ақтық кезеңде жапон палуаны Ами Ишиге 6 да 10 есебімен есе жіберді. Күміс жүлдеге ие болған Жәмила Бақбергенова осымен әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдергері атанды.
Жәмила Бақбергенова, Күрестен Әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері:
Осы жарысты алтынмен аяқтаймыз деп ойлағанмын. Басты бапкерім мен жеке бапкерім маған қатты сенген алтын алады деп. Бірақ, өкінішке қарай, төртінші жыл болды алтынмен қайтам деп күміс болады.
Қайрат Сағадиев, Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:
Тактикалық тұрғыда барлығы дұрыс болған. Жапон қызы айлаға салып кетті. Алданып қалды соған. Оң қолына көрсетіп, сол аяғына өтіп кетті. Енді ол тәсіл, белдесу болғаннан кейін барлығына дайын болуымыз керек.