«AMANAT» партиясы мұғалімдермен ой алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы мұғалімдермен ой алмасты

31.10.2024

«AMANAT» партиясы ұстаздар қауымымен ашық әңгіме ұйымдастырды. Шара «Мұғалім Talks» кейс-платформасында өтті. Ол жерде Қазақстанның барлық өңіріндегі 300-ден астам мектеп мұғалімі, колледждер мен Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, студенттер, ғалымдар, білім беру саласының ардагерлері мен сарапшылар қауымы бас қосты. Мамандар жиында орта және кәсіптік білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылап, оны шешу жолдарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Ал кездесу соңында бірқатар педагогқа кәсіби қызметіндегі еңбегі және қоғамдық жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалар мен «Ұстаз – ұлт айнасы» арнайы төсбелгісі табысталды. 

Хабарламаларға жазылу