Алименттен жалтарғандардың берешегі 33 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты. Республика бойынша қазір 322 мың адам алимент төлеп жүр. Оның 11 мыңы әйел. 7 мыңнан астам борышкерге елден шығуға уақытша шектеу қойылыпты. 3500-ге жуық азамат әкімшілік, 300-ге жуық борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Талғат Уәли, Әділет министрлігінің ресми өкілі:
322 мың атқарушылық іс бойынша 311 мыңнан астам борышкер ер азамат болса, 11 мыңнан астам борышкер әйел бар. Биыл 7 млрд теңге сомасына алимент бойынша берешек өндірілді. Алимент туралы өндірістердің 95,6% бойынша өндіріп алу ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы жүзеге асырылады.
Динара Жарқынбек