Ресейде жаңа төлем жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жаңа төлем жүйесі іске қосылады

31.10.2024

Ресейде жыл соңына дейін жаңа төлем жүйесі іске қосылмақ. Осыдан екі жыл бұрын Ресей SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратылған соң экспорт пен импорттық операциялар тоқтап, транзакциялар тежелді. Сонымен қатар әлемнің ірі банктері елмен жұмыс істеуден бас тартты. БРИКС-ке қатысушы елдер жаңа төлем жүйесін сыртқы есеп айырысу үшін пайдаланбақ. Жалпы Ресей санкциялар бойынша әлемде бірінші орынға шығып, елдің экономикалық ахуалы қиындады. Жаңа төлем жүйесі іске қосылған соң Үндістан, Қытаймен есеп айырысу жеңілдей түспек. 

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу