Өзбекстанның санитарлық бақылау саласы сандық жүйеге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның санитарлық бақылау саласы сандық жүйеге көшті

31.10.2024

Өзбекстанда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласы электронды цифрландыру жүйесіне көшті. Бұл соңғы кезде әлемді алаңдатқан жұқпалы індеттердің таралмауы үшін қолға алынған шара. Мақсат – халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сандық жүйе арқылы сапалы бақылау жүргізіп, жұқпалы аурулардың алдын алу. Дәстүрлі ақпарат жүйесі арқылы деректерді өңдеу 12-ден 48 сағатқа дейін уақыт алады. Бұл кезде науқас өзгелермен байланыста болып, індет жұқтыру қаупі артады. Электронды жүйе ақпараттың жедел әрі сапалы берілуін қамтамасыз етеді дейді мамандар. Тағы бір жаңашылдық зертханалық-ақпараттық жүйе. Мұның науқастарды тексеру кезінде пайдасы орасан. Әрі клиникалардағы зертханалық-диагностикалық бөлімшелердің жұмыс процесін автоматтандыруға жол ашады.

Мафтуна Саидова, Өзбекстан санэпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Электронды мониторинг жасау арқылы тиісті ақпаратты тез арада алуға мүмкіндік бар. Бұл инфекциялық және аса қауіпті жұқпалы ауруларды дер кезінде жоюға және таралуын болдырмауға ықпал етеді.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу