Алматыда қазақтілді мультимедиалық жүйе шығаратын зауыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қазақтілді мультимедиалық жүйе шығаратын зауыт ашылды

31.10.2024

Алматыда автокөліктерге арналған мультимедиалық жүйелер шығаратын зауыт ашылды. Енді елімізде шығарылатын Hyundai автомобильдері қазақ тіліндегі интерфейсті ұсына алады. Кәсіпорынның ашылуына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қатысты. Оңтүстік Кореяның технологиясы негізінде жұмыс істейтін зауыт «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді. Қазақ тілді жүйенің алғашқы легі Tucson, Elantra және Palisade модельдеріне орнатылады. 

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу