Абай облысының Бородулиха ауданында тазалық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысының Бородулиха ауданында тазалық шарасы өтті

31.10.2024

Абай облысының Бородулиха ауданында «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы өтті. Партия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен еріктілер аудан орталығындағы демалыс саябағы мен құрылысы жүріп жатқан мешіт маңайын тазалады. Жалпы «Amanat» партиясының бастамасымен облыс көлемінде экологиялық акция әр апта сайын үзбей өткізіліп келеді. Белсенділер қарағайлы орманды қалпына келтіріп, көгалдандыру мен елдімекендерге тал егуді тұрақты қолға алған. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оған 30 мыңнан астам партия мүшесі үлес қосты. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу