Алматыда автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын зауыт ашылды.
Жаңа өндірісті іске қосу Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Бұл ретте отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде Үкімет кешенді шаралар атқарып жатыр. Кәсіпорынның ашылуында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Оңтүстік Кореяның технологиясы негізінде жұмыс істейтін зауыт «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді. Яғни, енді елімізде шығарылатын Hyundai автомобильдері қазақ тіліндегі интерфейсті ұсына алады.
Айдана Қуантхан