Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңге жымқырған

31.10.2024

Ақтөбеде 238 миллион теңгені жымқырған мектеп есепшісі сотталды. Бюджет қаржысына қол салған қызметкер, шаһардағы  №48 мектепте жұмыс істеген.  Ол өзінің қызметін пайдаланып, бес жыл бойы білім мекемесінің қажеттілігіне бөлінген мемлекет ақшасын иемденіп келген.

Яғни, артық жалақы төлеу, қосарланған демалыс беру арқылы ақшаны қалтаға басқан. Есепшінің кінәсі дәлелденіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу