Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық кеңесінің отырысы өтті

31.10.2024

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбег Шакиевпен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақ жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Жогорку Кенеш депутаттарымен кездесуде парламентаралық ынтымақты нығайту жайы талқыланды. Мәжіліс төрағасы екі мемлекет басшылары арасындағы келісімдерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі. Осы орайда Қазақстан мен Қырғызстан депутаттарына жүктелер міндет көп дейді Қошанов.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Мемлекеттеріміздің басшылары екі жақты басым бағыттарды айқындап, оларды одан ары ілгерлету бойынша нақты міндеттерді қойды. Сондықтан жоғары деңгейдегі барлық уағдаластықтардың уақтылы орындалуы парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің айрықша назарында болуы қажет деп ойлаймыз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу