Белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқановаға 60 жаста. Қаламгердің мерейтойына орай елордада салтанатты кеш ұйымдастырылып, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері бас қосты. Шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев та қатысты. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Президент құттықтауында қазақстандықтар жазушыны өзінің бірегей қолтаңбасымен қалың оқырманының жүрегінен орын алған қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде құрметтейтінін атап өткен.