0:00:00
0:00:00
Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады. Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Шерхан Жамбылұлы