Президент Қарағанды облысының әкімі Е.Бөлекбаевқа сөгіс жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қарағанды облысының әкімі Е.Бөлекбаевқа сөгіс жариялады

01.11.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді. Ол жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамаған. Бұл туралы Президент кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Айта кетейік, мұның алдында облыс әкімі премьер-министр Олжас Бектеновтен де ескерту алған. Ал бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылған болатын. Күн суытып, жылу беріле бастағанда Саран қаласында 80-ге жуық үй жылусыз қалған еді. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу