Тараздың шағын ауданы жарты ай жылусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздың шағын ауданы жарты ай жылусыз отыр

01.11.2024

Тараздағы «Ұлы дала» деп аталатын 15-ші шағын аудан тұрғындары 15 күннен бері жылусыз отыр. Бұқара мемлекеттік бағдарламамен салынған 6 көпқабатты үйдің жылу желісі жыл сайын істен шығатынын айтады. Бас-аяғы 180 пәтердің тұрғындары мұның себебін 4 жыл бұрын берілген баспаналардың сапасыз салынғанынан көреді. Дірдектеген ел күздің қара суығында электр қуатымен жылытатын пештерді қосуға мәжбүр. Ал ыстық судың да жоқтығы жығылғанға жұдырық болды дейді.

Айнұр Сәбденбекова, Тараз қаласының тұрғыны:

Балаларымызды да жуындыра алмай жатырмыз. Ыстық суымыз ыстық емес, мұздай боп ағып жатыр. Жылуымыз да жылы болып тұрған жоқ. Бір бөлмеге қамалып отырмыз. Үйге қарағанда дала жылы. Жылуы жоқ үйге ақша жылуға келеді, иә?! Енді бәрі бірге келеді. Біз оның бәрінің төлемін далаға төлеп жатырмыз ғой.

Ал әкімдік жылудың жоқтығына тұрғындар өзі кінәлі. Олар үйлерді күтіп ұстау мақсатында меншік иелерінің бірлестігін құрмаған дейді. Салдарынан жылу құбырларының сүзгілері уақытылы тазаланбаған. Оның үстіне тұрғындар пәтерлеріне су айдайтын сорғыларды қолдан орнатып алатынын айтады. Ал бұл жылу жүйесінің жұмысын бұзады. Жауаптылар осы жолы ғана жылу желісін өздері жөндеп беретінін айтты.

Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

Фильтрлер 3 жылдан бері толған. Сол толғанның кесірінен жылу көтерілмей отыр 5-ші қабатқа. Бұл міндеттердің барлығы – тұрғындардың өздерінің міндеттері. ОСИ-ді құрмай, бір біріне бағынбаудан және де осындай мәселе болған кезде бірден әкімшілікке шағымдану орын алған. Осыған әбден былайша айтқанда үйреніп алған халық

Данияр Әлімқұл 

Хабарламаларға жазылу