«Alstom» компаниясы елімізде 450-ден астам жаңа жұмыс орынн аша отырып, электровозға техникалық қызмет көрсететін төрт орталықтың құрылысын бастады. Жобаның жалпы сомасы 50 млн еуро. Шу қаласында алғашқы сервистік орталықтың ашылуы келесі жылға жоспарланған. Премьер-министр Олжас Бектенов «Alstom» компаниясының президентімен кездесіп, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарын талқылады. Сондай-ақ үкімет басшысы «Wabtec» атты америкалық компания президентімен де кездесіп, теміржол саласына «жасыл технологияларды» енгізу мәселесі қаралды. Жалпы бұл компания 2027 жылдан бастап келесі 10 жыл ішінде баламалы отын түрлерін қолдана отырып, жаңа өнімдерді дамытуға шамамен 200 млн доллар инвестиция салуға ниетті.
Азамат Бейбітұлы