ЕуроОдақ елдері шекарадағы бақылауды күшейте бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕуроОдақ елдері шекарадағы бақылауды күшейте бастады

01.11.2024

Еуропалық Одақ елдері шекарадағы бақылауды күшейтуде. Германия мен Франциядан кейін енді Нидерланд та қырағылықты арттырмақ. Австрия Словения және Мажарстанмен арадағы шекаралық бақылауды 11-қарашаға дейін созды. Дания, Норвегия мен Швеция да құрлықтағы көліктерді тексеруді қарашаның ортасына дейін жүргізбек. Осы тексерістің кесірінен Шенген аймағының тұрғындары бернеше сағат көлік кептелісінде тұруға мәжбүр. «Бұл заңсыз миграцияның және лаңкестік әрекеттің алдын алуға бағытталған уақытша тексеріс», - дейді ЕуроОдаққа мүше мемлекеттердің басшылары. Германия былтыр осындай шекаралық бақылаудың нәтижесінде 30 мың заңсыз мигрантты ұстап, елдеріне қайтарған. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу