Қытайдың «Temu» онлайн-сервисі ЕуроОдақтың цифрлық қызметтер туралы заңын бұзған болуы мүмкін. Еурокомиссия шетелдік платформадан осылай күдіктеніп отыр. Брюссельдің болжамынша, онлайн-сервисте авторлық құқыққа қайшы танымал брэнд тауарлардың көшірмелері және қауіпті өнімдер сатылады. Осыған байланысты Temu-ге қатысты тергеу басталған. Бұл туралы немістің Deutsche Welle басылымы хабарлады.Тергеу кезінде Temu сервисінің дизайны да зерттелмек. Компания ЕуроОдақ билігімен бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. Қытай компаниясы «Мақсатымыз – тұтынушыларға қауіпсіз және сенімді нарық құру» деп отыр. Temu онлайн-сервисі Қазақстанда да танымал. Онда киім, электроника, үйге керек-жарақ сияқты көптеген тауар түрі сатылады.
Аида Ахметбек