10 мың сарбаздың 4 млрд теңгеден аса несиесі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 мың сарбаздың 4 млрд теңгеден аса несиесі бар

01.11.2024

Елімізде 10 мыңнан аса сарбаздың 4 млрд теңгеден астам несиесі бар. Бұл туралы бүгін баспасөз брифингінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір әскердегі сарбаздардың несиесі туралы ақпарат автоматты түрде екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына беріледі. Олар сол несиені 14 айға кейінге шегеріп, үзіліс беруге міндетті. Жалпы Қазақстан армиясының цифрлық трансформациясы бағытында бірқатар өзгеріс бар. Еліміздегі 16 және 60 жас аралығындағы ер азаматтар туралы ақпарат ортақ жүйеге енгізілген. Олардың тұрақты мекенжайы, жұмыс орны және басқа да мәліметтер бақыланып, өзгеріске сай жаңартылып отырады. Сол есептің нәтижесінде қазір 3 млн 600 мың адам әскерге баруға міндетті екені анықталды. Бұдан бөлек кей азаматтар үшін жылда әскери комиссариатқа бару міндетті емес.

Дархан Ахмадиев, Қорғаныс министрінің орынбасары:

Студенттер оқып жатқан немесе инвалиді бар азаматтар бүгінгі күні военкоматқа келмей, әскерден босатыла алады. Өйткені біз Денсаулық сақтау министрлігінен және басқа да министрліктерден олардың ақпаратын біле отырып, оларды автоматты түрде әскерден босатамыз.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу