Құқықтық журналистика мәселенің оң шешілуне ықпал етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқықтық журналистика мәселенің оң шешілуне ықпал етеді

01.11.2024

Биыл құқықтық журналистиканың көшбасшысына айналған «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымына 90 жыл толды. Осы жылдар аралығында қос газет түрлі қиындықтарды артқа тастап, үлкен даму белестерінен өтті. Мерейтойға орай басылымдардың кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін деректі фильм көрсетіліп, «Тарих. Тұлға. Тағылым» деп аталатын құнды жинақ жарық көрді. Сондай-ақ бүгінгі құқықтық журналистиканың бағыт-бағдары таразыға салынған ғылыми-танымдық конференция өтті. Шараға басылымдарда қызмет атқарғандар, осы тәжірибе мектебінен шеберлігін шыңдаған журналистер қатысты.

Айнұр Сембаева, «Заң» газетінің бас редакторы:

30 жыл болса да әзірге дейін біздің басылымдардан көмек сұрап, арыз-шағымын арқалап келетіндер адамдар өте көп және солар бойынша біз полиция, прокуратура, сот органдарымен бірлесіп отырып, заңды, құқықтық мәселелердің оң шешілуіне біздің журналистер көмек көрсетіп келе жатыр.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу