Түркістан облысының Шардара аудандық ауруханасы 2 600 теңге тұратын макарон өнімдерін 4 800 теңгеден алуды жоспарласа, Түлкібас аудандық ауруханасы нарықтағы бағасы 439 мың теңге тұратын көшіру аппаратын 9 млн теңгеге сатып алмақ болған. Мұндай заңбұзушылықтарды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері анықтаған. Құзырлы орган өкілдері сондай-ақ, Қазығұрт және Мақтаарал аудандары әкімдіктерінің 9 қызметтік көлігін қымбат бағада алудың алдын алған. Өңірде мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізіліп, мекемелерге бағаны қайта қарау туралы ұсыныстар жолданған. Нәтижесінде жыл басынан бері 3,2 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделген.
Айнұр Әбілқасымқызы