Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс қарқынды дамып келеді

01.11.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады. Мемлекет басшысы оны жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екі ел арасындағы қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келгенін айтты. Кездесуде Президенттің Франциядағы мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды. Қазақстан басшысы бұл сапардың қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Францияға мемлекеттік сапармен барады.

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу