Шетелдік инвесторларға Қазақстанның әлеуеті таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік инвесторларға Қазақстанның әлеуеті таныстырылды

01.11.2024

АҚШ-та әлемнің ірі инверторларына Қазақстанның әлеуеті таныстырылды. Дүние жүзінің негізгі қаржы орталығы саналатын Нью-Йоркте «Қазақстан Қаржы күні» форумы өтті. Еліміздің инвестициялық ахуалы баяндалған арнайы форумда әлемнің және АҚШ-тың бес жүзге жуық инвесторы жиналды. Олардың қатарында миллиардтаған доллар активтерді басқаратын компания өкілдері аз емес. Еліміз Wall Street инвесторларын тек тікелей инвестиция салуға емес, қор нарығына да қаржы құюға шақырып отыр. Әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан елде макро экономикалық тұрақтылық бар. Инфляция бәсеңдеп келеді. Мемлекеттік сыртқы қарыз төмен деңгейде. Халықаралық қорларда жеткілікті капитал жиналған. Қаржы, салық жүйелерін жетілдіру үшін бірқатар реформа жүргізілді. Бұл шетелдік инвесторлар назарын аударатын негізгі факторлар.

Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

Біз отыз жыл ішінде тікелей инвестиция тартуға ұмтылдық. Ал қаржы нарығы арқылы капиталды тарту ол бізде аса дамымаған. Негізі бұл бізде өте жақсы капиталдың бірі. Қаржы инвесторлары зауытты басқарғысы келмейді, тікелей капитал салады. Бізге керегі сол. 

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу