Испанияда тасқыннан қаза тапқандар саны 205-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда тасқыннан қаза тапқандар саны 205-ке жетті

01.11.2024

Испанияны жайлаған тасқын құрбандарының саны 205-ке жетті. Мұндай алапат су апаты елде соңғы 50 жылда болмаған. Оған нөсер жауын себепші. Жоғалып кеткендердің нақты саны белгісіз. Қазір қалалар мен елдімекендерді лай мен батпақтан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апаттан Валенсия автономиялық қауымдастығы орасан зардап шеккен.

Мұнда 75 мыңдай адам электр жарығынсыз қалды. Талай ауданның тұрғындары ауыз сусыз отыр. Сонымен қатар, Валенсияда жолдар мен теміржол істен шығып, пойыздар тоқтаған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу