Израиль өткен түні Газа секторының орталығын бомбалап, 47 адамды мерт қылды. Тағы ондаған тұрғын жараланған. Мұны бүгін Палеастинаның «Уафа» ақпарат агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, құрбандардың көбі - әйелдер мен балалар. Израиль армиясы болса, Дейр-әл-Балах, Нусейрат, әз-Зауайда қалаларында «ондаған террористі анықтап» жойғанын хабарлап, бейбіт тұрғындардың қырылғанын мойындамай отыр. Газадағы соғыс былтыр қазанның 7-де Израиль оккупациясына наразы хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 өлтіріп, 251-ін кепілге алғаннан кейін басталды. Содан бері Израильдің шабуылдарынан Газада 43 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, анклавтың басым бөлігі жермен-жексен болды.
Арыстан Рысбек