Мәжіліс төрағасы Қырғыз Республикасына ресми сапарының екінші күнінде ел Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Ерлан Қошанов Қырғызстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, Орталық Азия-2040 өңірлік ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруда парламенттердің белсенді рөл атқаруға ниетті екенін атап өтті. Қырғыз Республикасының басшысы да Қазақстан Президентіне сәлемін жолдады.
Темірлан Нұрсолтанов