Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 55 мыңнан астам қызға егілді. Жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау қазан айының басынан бастап жүргізілуде. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-ананың немесе заңды өкілдерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл -қатерлі ісіктің алдын алудың негізгі жолы.
Жасұлан Алпысбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Қазақстанда обыр аурулары ішінде екінші орынды алып отыр. бірінші, сүт безі. Екінші, жатыр мойыны обыры. Бізде күнделікті екі-үш әйел адам қайтыс болып жатыр. Жылына 500-ден астам адам қайтыс болып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша 350 мың қыз баланы егу жоспарланып отыр.
Азамат Бейбітұлы