Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

02.11.2024

Бүгін Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді. "Сейсмологиялык зерттеу институтының" мәліметінше, дүмпу Астана уақытымен 10:50-де тіркелген. Зілзала ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматыдан 258 шақырым жерде орналасқан. 2 балдық жер сілкінісін Алматы облысының Райымбек және Кеген ауданының тұрғындары сезген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу