Сербияда вокзалдың шатыры опырылып, 14 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда вокзалдың шатыры опырылып, 14 адам қаза тапты

02.11.2024

Сербияда бүгін - аза тұту күні. Нови-Сада қаласының теміржол вокзалында шатырдың бетон қалқасы құлап, 14 адам қаза тапты. Үш адам жарақат алған. Құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиға жұма күні түскі уақытта болды. Бетон қалқа вокзал сыртындағы орындықтарда отырған адамдарға құлаған. Конструкция 1964 жылы салынған. Ал теміржол вокзалы 2021 жылы қайта жөндеуден өтті. Сербия премьер-министрі Милош Вучевич шатырдың күйіне салғырт қарағандардың барлығы жауапқа тартылатынын мәлімдеді. 

Хабарламаларға жазылу