Шығыста былтырдан бері суармалы егістіктің көлемі артты. Тек биыл жазда 9200 гектар жер суарылған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 2-3 есе көп.
Биыл аудандардағы каналдарды жөндеу басталса, шаруалар жаңбырлатып суару техникасын ала бастады. Ол құрылғыны шығаратын зауыт өңірдің өзінде іске қосылды.
Ал аймақта тамшылатып суарылатын егістіктіктің көлемі де көбейген. Биыл жазда тек Зайсан ауданында 470 гектар жер осы жүйемен суарылды. Су үнемдеу технологиясын жүйелі қолданып келе жатқан шаруаларға берілетін субсидия мөлшері де артты. Енді өңірде Қандысу, Үйдене су қоймаларын қайта жаңғырту бойынша құжаттар дайындалып жатыр. 2028 жылға дейін Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспарланған.
Дәулет Жанысов, «Қазсушар РМК» облыстық филиалы директорының орынбасары:
Бұл су қоймасы салынған кезде ауыл шаруашылығының 11 мың гектар жеріне су жеткілікті болады. Жазғытұрым су тапшы болған кезде сол су қоймадан көбірек су беріледі.
Олжас Керейхан