Қазақстанда дәрігер мамандар жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда дәрігер мамандар жетіспейді

02.11.2024

Қазақстанның қалалары мен аймақтарында дәрігерлер тапшы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жоғары оқу орындарының түлектерінің үштен бірі жұмысқа орналасу үшін жеке клиникаларды таңдайтынын атап өтті. Сондықтан, жас мамандарды бөлу механизмін өзгертуді ұсынып отыр.

Қазір ел бойынша 306 анестезиолог-реаниматолог, 253 акушер-гинеколог, 210 хирург және тағы басқа мамандар жетіспейді. Дәрігерлерге деген қажеттілік Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жоғары. Ал аймақтардан сұраныс Ақмола, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарынан байқалады.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕТІСПЕЙТІН ДӘРІГЕРЛЕР:

306 анестезиолог-реаниматолог

210 хирург

112 офтальмолог

83 отоларинголог

44 ангиохирург

253 акушер-гинеколог

87 неонатолог

ҚАЛА БОЙЫНША:

Астанада (702 маман), Алматыда (497) және Шымкентте (234) жоғары.

ОБЛЫС БОЙЫНША:

Ақмола (116 дәрігер), Түркістан (135) және Батыс Қазақстан (89 дәрігер) облыстарында байқалады.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу