Молдовада президент сайлауының екінші турында батысшыл кандидат және қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду жеңіске жетті. Мұны поскеңестік республиканың орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Бюллетендердің 98 пайызы саналып болған. Оның нәтижесіне жүгінсек, елді Еуропа одағына бастаған Санду 54,35 пайыз дауыс жинаған. Ал ресейшіл үміткер Александр Стояноглоны қолдағандар - 45 пайыз.
Сайлаудың бірінші туры екі апта бұрын өтіп, онда да Санду жеңді. Және де сол кезде референдум да ұйымдастырылып, халықтың көбі Молдованың Еуропа одағына өту ниетін Конституцияда бектітуді қолдап дауыс берген.