АҚШ-та Президент сайлауы ертең өтеді. Вашингтонда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Соңғы мәліметке қарағанда, жұмысшылар Ақ үйдің айналасына қосымша қоршау орнатқан. Сонымен қатар, вице-президенттің ресми резиденциясының жанынан да осындай жағдайды байқауға болады.Екі ғимаратты күзетуге құпия қызметтің агенттері тартылған.
АҚШ-та президент сайлау қарашаның 5-де өтеді. Онда демократтардан Камала Харрис, республикалықтардан Дональд Трамп бақ сынайды.