Францияда қазақ тарихына арналған көрме ашылады. 6 қарашада Париждегі Гиме музейінде 4 жылдық кезеңді қамтитын көшпелілер мәдениетіне тән сирек артефакттар көпшілік назарына ұсынылады. Оны қазақстандық музейлер ұсынған. Қазір Франция астанасында кең көлемде жарнамасы жүріп жатыр. Бұл көрме бес айға жалғасады.
Мұны еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның Франциядағы Елшілігі ұйымдастырып отыр. Жалпы, Гиме музейі - Азия өнері жинағы бойынша Еуропадағы ең ірі музей. Жыл сайын ондағы жәдігерлерді тамашалауға 300 мыңдай адам келеді.