Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де «Болашақ прокурор кеңістігі» бұрышы ашылды. Бұл - жоғары оқу орны мен Бас прокуратураның бірлескен жобасы. Студенттерге арналған мұндай бұрыштар, алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріндегі заңгерлерді дайындайтын университеттерде де пайда болады.
Жобаның мақсаты – прокурор мамандығына қызығатын білім алушыларға қажетті ақпаратпен танысуға толық мүмкіндік жасау. Арнайы бұрышта прокуратура тарихы, белгілі заңгерлер мен көрнекті қайраткерлердің өмірі және қызметі туралы жазылған 100-ден астам кітап-журнал қойылған. Аталған іс-шара аясында сала мамандары студенттерге дәріс оқыды. Олардың сұрақтарына жауап берді.
Аида Әнуар – ҚР Бас прокуратурасы кадрлық жұмыс департаментінің бастығы:
Болашақта бізге жұмысқа келетін студенттердің прокуратураның негізгі бағыттарымен таныстыруға, оларға бағыт-бағдар беруге көмегін тигізеді деп ойлаймын. Жұмыс әрі қарай жалғасатын болады. Бас прокурордың ерекше бақылауында. Бұл Бұрын үнемі жаңартылып отыратын болады. Қазіргі кезде төрт жоғары оқу орнымен байланыс жасаудамыз.