Қарағандыда 40 жылқы ұрлаған күдіктілер ұсталды. Полиция мал ұрлығын шектеу үшін қойған бекетте «КамАЗ» көлігін тоқтатқан. 57 жастағы жүргізуші мен оның 29 жастағы ұлында малдың құжаттары болмаған. Тәртіп сақшылары жылқыларды суретке түсіріп, ауыл тұрғындарына әлеуметтік желі арқылы таратады. Ақтоғайлық бақташылардың бірі өзіне тиесілі малды таныған. Жылқылар түгел Қарағанды маңындағы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына уақытша қамалды. Ол жерге күзет қойылған. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жандос Бақытұлы