Қазақстан халқы ипотекалық несиелерге жиі жүгіне бастаған. Бар болғаны бір жыл ішінде несие сомасы 42,5 пайызға артқан. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай мәлімет таратты. Жыл басынан бері нарықтық шарттармен 500 млрд теңгеге жуық сомасына рәсімделсе, ал жеңілдетілген шарттармен 870 млрд теңгеден аса сомасына ипотекалық несие берілген.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, банктердің ипотекалық портфелі 1,2 пайызға өсіп, 5,8 трлн теңгеге жетті.
Азамат Бейбітұлы