Батыс Қазақстанда 112 заңсыз қоқыс алаңы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 112 заңсыз қоқыс алаңы жойылды

04.11.2024

«Таза Қазақстан» акциясының аясында Батыс Қазақстан облысында 112 заңсыз қоқыс алаңы жойылды. «Ғарыш сапары» мекемесінің көмегімен өңірде 200-ге жуық тіркелмеген тұрмыстық қалдық үйіндісі анықталды. Қалған орындар тазартылып, жойылып жатыр. Бүгін «Таза Alem» акциясы барысында орталық базар аумағы қоқыстан арылды. Оған студент жастар мен еріктілер қатысты. Жалпы республикалық науқан аясында жыл басынан бері 76 мыңнан астам аула жиналды. Сондай-ақ саябақтар абаттандырылып, 59 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Әлеуметтік нысандар мен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы күл-қоқыстан тазартылды.

Жанаргүл Мәуленова, ерікті:

Қаламыздың барша белсенділері, студенттері бірігіп, қала тазалығына үлес қосудамыз. Менің ойымша, мұндай акциялар жиі өткізіліп тұруы керек. Себебі қоршаған ортамыздың тазалығы өзімізден басталады.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу