Испанияның ашулы тұрғындары корольге балшық лақтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның ашулы тұрғындары корольге балшық лақтырды

04.11.2024

Испанияның алапат тасқыннан зардап шеккен Валенсия аймағында наразылық күшейіп тұр. Жергілікті тұрғындар шеруге шығып, король Филипп VI мен оның жұбайы Летицияға балшық лақтырды.

Тұрғындар, дауыл мен су тасқыны туралы ескертулердің кеш жасалуына және төтенше жағдайлар қызметі уақтылы әрекет етпегеніне наразы. Соңғы мәліметтерге сай, елде өткен дүйсенбіде басталған нөсер жауын мен алапат тасқыннан 217 адам қаза тапты. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Табиғи апат кезінде жоғалып кеткен адамдардың нақты саны белгісіз. Қалалардың көбі электр жарығынсыз, ауыз сусыз қалған. Азық-түлік те таусылды. Тасқын салдарын жоюға 17 жарым мыңдай әскери тартылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу