Түркістан облысының Кентау қаласында экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды. «Хизб-ут-Тахрир» тобының жақтастары терроризм идеялары мен жат ағымды настихаттау мақсатында радикалды уағызшылардың дәрістерін тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.
Құқық қорғаушылар 10 адамды ұстады. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде, діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да айғақ болатын заттар тәркіленді. Ал топ жетекшісінің бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы