Франция басылымы мемлекеттік сапар қарсаңында Қ.Тоқаевтың мақаласын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция басылымы мемлекеттік сапар қарсаңында Қ.Тоқаевтың мақаласын жариялады

04.11.2024

«Атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Францияның атом өнеркәсібіне қолдау көрсете алады». Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның«Le Figaro» басылымында жарияланған мақаласында айтқан.

Онда Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстардың негізгі бағыттарына шолу жасалған. Әсіресе, екі ел де сирек металдар мен жаңартылатын қуат көздерін өндіру, сондай-ақ энергетика саласындағы ынтамақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып отырғанына баса мән берілген.

Көптеген жылдар бойы Қазақстан дипломатиялық бастамаларды ілгерілетуге бейіл. Орта держава мәртебесі елімізге осы маңызды миссияны іске асыруда үлкен жауапкершілік жүктейді.

Темірлан Нұрсолтанов



Хабарламаларға жазылу