Каспий елдері цифрландыру саласын бірлесе дамытпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий елдері цифрландыру саласын бірлесе дамытпақ

05.11.2024

Каспий маңы елдері цифрландыру саласын бірігіп дамытпақ. Дағыстанда Екінші халықаралық Каспий цифрлық форумы өтті. Қазақстандық делегация да халықаралық жиынға қатысып, еліміздің бұл саладағы жетістіктері жайлы баяндады. Жиында цифрлық экожүйені құру және цифрлық технологияларға негізделген тұрақты және инновациялық экономиканы дамыту жайы талқыланды. Бұл салада еліміз өзгелерден оқ бойы озық тұр. Электронды үкіметті және қаржылық технологияардың цифрлық жүйесін дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарындамыз.

Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру саласын мықтап дамытуды тапсырып, стратегиялық міндетін қойды. Қазіргі уақытта біз бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, ІТ секторы өсіп, бұл салада компаниялар мен стартаптардың да саны артты. Біздің еліміздің жетістігі жаһандық рейтингте өз орнын тапты. Қазақстан әлемнің 193 мемлекетінің ішінде БҰҰ электрондық үкіметінің даму индексінде 24-ші орында.

Форум аясында қазақстандық делегация Дағыстан республикасының басшысы Сергей Меликовпен кездесті. Республикамен барлық салада ынтымақтастық жоғары. Тараптар туризм саласы бойынша әріптестік көкжиегін кеңейтуге уағдаласты.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу