Ресейден бидайды заңсыз импорттаған кәсіпкер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейден бидайды заңсыз импорттаған кәсіпкер ұсталды

05.11.2024

Шекара, Ұлттық қауіпсіздік және аумақтық инспекция бірлесіп, Павлодар облысына Ресейден келетін тауарларды бақылауды күшейтті. Себебі жақында көрші мемлекеттен еліміздің шекарасына бидай өнімі өткізілгені анықталды. Тауар иесі – қазақстандық кәсіпкер. Ол астықты вагонға тиеген. Бірақ өнімнің сертификатын қолдан жасапты.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың тамыз айынан бастап Ресей астығын Қазақстанға импорттауға тыйым салынған болатын. Бұл шешім жергілікті диқандарды қолдау мақсатында қабылданды. Өйткені жаз жаңбырлы болып, астық бітік шықты. Салдарынан бидай бағасы арзандап кетті.

Ернұр Ықыласов, аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині жөніндегі бөлім басшысы:

Теміржол көлігі Шарбақты стансасында қалдырылды. Заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 мың теңге айыппұл салынды. 2024 жылдың 28 қазанында Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы нұсқамасымен 70 тонна бидай тиелген көлік Ресей Федерациясының жүк жөнелтушісіне кері қайтарылды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу